Тё Елена Васильевна 1975 жылдың 9 наурызында Алматы қаласында дүниеге келген.
1997 жылы Экономика және құқық академиясын «Құқық бакалавры» мамандығы бойынша аяқтады, 2015 жылы Ұлыбританиядағы INTO London World Education Centre-де білім алды, 2020 жылы Грециядағы «International Olympic Academy»-де магистратураны тәмамдады (MSc). 2023 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының докторантурасын «Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша аяқтап, мемлекеттік басқару докторы атанды.
Еңбек жолын 2004 жылы Қазақстан корейлер қауымдастығының РҚБ атқарушы хатшысы болып бастады. 2004–2005 жылдары «Caspian Investment Holding» АҚ әкімшілік департаментінің менеджері, 2005–2007 жылдары «Caspian Engineering Group» АҚ жобаны басқарушысы қызметтерін атқарды. 2008–2016 жылдары «Олимпиадалық дайындық орталығы» ЖШС-нің бас директоры, 2016–2018 жылдары «Fitnesslink» ЖШС-нің бас директоры, ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің маркетинг департаментінің бас маманы, ҚР Ұлттық Паралимпиадалық комитетінің кеңесшісі, Астана қаласы. 2020–2022 жылдары Ақбұлақ Олимпиадалық орталығының директоры болды.
2023 жылдың наурыз айынан бастап Қазақстан корейлер қауымдастығы президиумының мүшесі, 2023 жылдың шілде айынан бастап Қазақстандық мәнерлеп сырғанау одағының президенті, Кореяның бейбіт және демократиялық бірігуі жөніндегі комитеттің мүшесі. 2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Алматы қаласының Спорттық Құрылымдар Дирекциясы» ЖШС директоры қызметін атқаруда.
«AMANAT» партиясының мүшесі.
2023 жылдың наурыз айынан бастап Алматы қалалық мәслихатының VIII шақырылымының депутаты.